Адамдардың ешқандай қысымсыз дауыс беріп жатқанын көргенде қуанамын – халықаралық байқаушы
Бұл туралы Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені Монтасыр Абузейд Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, сайлау учаскесін аралау барысында олқылықтар кездесспеген.
Мен үшін халықаралық байқаушы болу – үлкен құрмет. Осымен төртінші рет байқаушы ретінде жұмыс істеп отырмын. Таңертеңнен бастап біз бірнеше сайлау учаскесін араладық. Ұйымдастыру деңгейіне тәнті болдық. Біздің байқағанымыз – ешқандай бұзушылықтар орын алған жоқ. Адамдар көтеріңкі көңіл күймен сайлауға келіп дауыс беріп жатыр. Оларға ешкім ешқандай қысым көрсеткен жоқ. Қазақстан халқын табысты және саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асыру к